бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 14 03.03.2023 17:17

Атырауда 16 жастағы бала биіктен құлап көз жұмды

Фото: ТЖМ

Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап көз жұмды, деп хабарлайды teznews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаменті қайғылы оқиға 2 наурызда сағат 23:30 шамасында болғанын хабарлады.

«16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктен құлап қайтыс болды», - делінген ақпаратта. 

Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.