бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 9 03.03.2023 18:31

Қостанайда жоғалып кеткен әйел жайлы ақпарат шықты

Фото: Depositphotos

Қостанайда жоғалған әйел қызметтік-іздестіру итінің көмегімен табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 3 наурызда таңертең "102" пультіне облыс тұрғыны 61 жастағы анасының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Қызының айтуынша, оның есте сақтау қабілеті нашар , сондықтан үйге апаратын жолды таба алмайды.

Шақыруды қабылдағаннан кейін инспектор-кинолог Диас Игліков оқиға орнына барды. "Алладин" қызметтік-іздестіру итінің көмегімен іздеу жұмыстарын бастаған.

"Ит жоғалған әйелдің ізін бірден тапты. Біз жақын маңдағы аумақты және Пролетарская көшесінің бойымен 800-1000 метр радиуста айналып өттік. 39-ші үйдің жанынан жоғалған әйел табылды. Ол абдырап қалып, үйін таба алмаған. Сонымен қатар далада жүріп,жаурап қалған. Іздеу жұмыстары шамамен бір сағатқа жуық уақытқа созылды", - деді полиция сержанты.

Диас Игліков полицияда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол жоғалған адамдарды іздеуге бірнеше рет қатысты. Қызметтік иттің көмегімен жоғалған үш адам табылды