сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 9 03.03.2023 19:58

Черногория астанасының сот ғимаратында жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Фото: d34jn32ybm3a2u.cloudfront.net

Черногория астанасы Подгорица қаласының сот ғимаратында жарылыс болды, зардап шеккендер бар. Бұл туралы Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, елгісіз біреудің Бас сот ғимаратының кіреберісінде жарылғыш затты іске қосқаны айтылды. Ол кезде ғимаратта адамдар көп болды.

Жарылғыш зат граната болды деген болжам жасалып отыр.

Полицияның мәліметінше, жарылыс сағат 11.45-те болған. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Болжам бойынша, қылмыскер жарылыстан қаза тапқан.

Оқиға орнында жедел жәрдем және мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.