сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 16 03.03.2023 20:44

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан екені белгілі болды

Фото: ult.kz

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы отандық спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ресми! Қуат Хамитов пен Акоп Степанян арасындағы кездесу", - деді ол.

"Найман" лақап атымен танылған қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің қарсыласы 27 кездесуде жеңіске жетіп, он екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан.