бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 9 03.03.2023 21:27

Шымкентте белгісіз ер адам күзетшіні аямай тепкен

Фотоколлаж

Шымкентте белгісіз ер адам күзетшіні аямай ұрып-соққан, деп хабарлайды Teznews.kz порталы. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қоры инстаграм парақшаларында жазба жариялады.

Жәбірленуші - 1954 жылы туған күзетші. Оқиға жайлы ақпаратты оның қызы жеткізген.

"2022 жылдың 5 желтоқсанында таңғы 5-те белгісіз ер адам әкемді ұрып тастады. Ол мас әрі өте ашулы еді. Алдымен ол әкем күзетші болып жұмыс істейтін жаққа келіп құлаған. Түсініксіз дыбыстар шығарғаннан кейін, әкем оған барып: "Балам, қарға отырма, қар жоқ жерге бар", - деді. Ал ол: "Қай жерге отыру керегін сенен сұраймын ба?" , - деп ашуға булыққан.

Ол жүгіріп жетіп, әкемді ұра бастаған. Әкем есікті жауып үлгермеген. Көшеге шығарып, үстіне отырып, басы мен бетінен жұдырықтай берген. Кейін басы мен қабырғаларын аяғымен тепкен. Әкем есінен танып қалса да, ер адам ұруын тоқтатпаған" делінген хабарламада.

Қор мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккен адамға біраз диагноз қойған. Олар:

"Жабық бас миының жарақаты, мидың ауыр жарақаты. Мидың екі фронтальды бөлігінің контузиясы және контузиясы. Мидың екі фронтальды бөлігінің жаппай субарахноидты қан кетуі, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақта бірнеше қабырға сынуы, екі өкпенің де көгеруі, мұрын сүйектерінің жабық сынуы, сол жақ зигоматикалық сүйектің сынуы, екі жақтың төменгі орбиталық қабырғасының сынуы, екі көздің қабағының гематомасы, екі көздің қан кетуі. Жұмсақ тіндердің көгеруі және сол жақтағы париетальды аймақтың көгеруі. Беттің екі параорбитальды аймағының тері астындағы гематомасы" делінген хабарламада.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодексінің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.