сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 8 06.03.2023 10:18

Қытайда туу санын арттыру үшін жастардың жұмыс уақыты қысқартылады

Фото: spectr.com.kz

Қытайда депутаттар туу санын арттыру үшін жастарға сегіз сағаттан астам жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды Teznews.kz порталы Financial Times сайтына сілтеме жасап.

Қытай билігінің мәлімдеуінше, егер жігіттер мен қыздардың жұмыс күні аз болса, олар сүйіктілерін табуға уақыты болып, дүниеге бала әкелу ықтималдылығы көбейеді.

Ұсыныс бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңес комитетінің және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессияларын талқылауға шығарылды.

Сонымен қатар балабақшаларда жыныстық сауаттылық бойынша сабақтар енгізу ұсынылады. Бірақ Батыс өркениеті ықпал етпеуі үшін қытайлық оқулықтар қолданылады.

Сондай-ақ, Қытайда некелескендер үшін неке демалысы да енгізілмек.