сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 14 06.03.2023 11:22

Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілген педофилді өлтірді

Фото: topnews.ru

Сауд Арабиясында екі адамға кесілген өлім жазасы орындалды. Біреуі педофилия үшін сотталса, екіншісі адам өлтіргені үшін жазаға тартылды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі Twitter парақшасында жазды деп хабарлайды Teznews.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Омар әл-Баракати кәмелет жасқа толмаған ұлдарды ұрлап, сексуалдық зорлық жасаған.

"Қылмыстық сот оны өлім жазасын кесті. Үкімді апелляциялық және жоғарғы сот бекітті. әл-Баракатиге қатысты жаза сенбі күні Джидда қаласында орындалды", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Джидда қаласындағы алаңда Мұхаммед Файдиге қатысты үкім іске асырылды. Ол бірнеше қылмыс үшін айыпталған болатын. Соның ішінде қауіпсіздік қызметінің маманын өлтіру фактісі де бар. Сондай-ақ мұнай нысанын өртегені, діни көзқарасына байланысты шабуыл жасау үшін қару-жарақты сатып алғаны және сақтағаны дәлелденді.

Айта кетері, Сауд Арабиясында өлім жазасы, көбінесе, басты шабу арқылы орындалады. Оны алаңда көпшіліктің көзінше жасайды.