бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 5 06.03.2023 13:19

Қарағандыда оқушы қызға тиіскен педофилге қандай жаза берілгені белгілі болды

Фото: Zakon.kz

Қарағандыда кәмелетке толмаған қызға тиіскен 23 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Зорлық-зомбылыққа қарсы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, Қарағанды облысында тұрғындар педофилді ұстаған.

Ол 14 жастағы қызды өз пәтеріне кіргізбек болған. Арам ниеті барын да жасырмады. 3 наурызда бұл оқиғаға қатысты сот отырысы өтті. Бүгін «Не молчи» қорына қыздың анасы хабарласты. Ол соттың үкіміне көңілі толмайтынын, жігітті босататынын айтты, - деп жазды Дина Таңсәрі Facebook-те.

Бұл оқиғаға Қарағанды облысының полиция департаменті түсінік берді.

35 жастағы Қарағанды тұрғыны полицияға шағымданды. Әйел белгісіз жігіт көпқабатты үйдің лифтісінде 15 жастағы қызын сүйгенін айтты. Тергеу барысында 23 жастағы жігіт анықталды. Ол ұзақ бұзақылық жасаған. Сот полиция қызметкерлерінің дәлелдерімен келісіп, құқықбұзушыны 3 тәулікке әкімшілік қамауға алды, - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.