бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 5 06.03.2023 14:37

"Дикий Арманның" қамауда отыру уақыты ұзартылды

Фото: tv7.kz

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.