сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 22 09.03.2023 11:1

Франция жанкүйерлері Шавкат Рахмоновтың өнеріне тәнті болды

Фото: fight.ru

Франция жанкүйерлері UFC аясындағы жекпе-жек кезінде Шавкат Рахмоновтың өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Sports.kz сайтының мәліметінше, француздық La Sueur басылымы Twitter-дегі парақшасында UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың батылдығы туралы жазған.

Шавкат Рахмоновтың тосын қимылдарын, ержүректігін UFC көрермені аңыз қылып айтып жатыр.

Америкалық Джефф Нилмен жекпе-жекте Рахмоновтың аузынан қорғаныш құралы ұшып кетіп, ол екі минут бойы қорғанышсыз қарсыласымен айқасқан.

La Sueur осы сәттің видеосын жариялап, көпшіліктің таңданысын білдіреді.

"Бұл жігіт мықты! Джефф Нилмен жекпе-жекте Шавкат Рахмонов екі минуттай қорғаныш құралынсыз күресіп, бірнеше соққы алды" делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде Рахмонов үшінші раундта Нилді жеңген.