бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 5 09.03.2023 14:22

Шымкентте тұрғын үйден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Фото: ащық дереккөз

Шымкентте ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды. 60-қа таяған тұрғындар алдын ала болжам бойынша улы газдан көз жұмған деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

Ерлі-зайыптылардың көз жұмғаны туралы OTYRAR сайты жазды. Дерекке сүйенсек, олардың денесі 7 наурыз күні кешқұрым тұрғын үйден табылған. Оқиға Әбдіров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының Шымкенттегі филиалы жұмысшылары газ құрылғысының бұзылғанын анықтаған. 

“Үйде "TERLOFIT" маркалы су жылытқышы орнатылған. Қабырға арқылы түтін құбыры жүргізілгенімен, үйде желдеткіш арнасы жоқ екені тіркелді”, – делінген компания мәліметінде. 

Оның үстіне үй иелерінде газ құрылғысына техникалық тексеріс жұмыстарын жүргізу келісімі болмаған көрінеді. Нақты нәтиже сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ. Өңірді газбен жабдықтап отырған компания өкілдерінің айтуынша, бұл – жыл басынан бері тіркелген үшінші жағдай.