бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 5 13.03.2023 11:33

Ақтөбе көпқабатты үйдің жертөлесі көктем сайын суға толып кетеді

Фото: foto-tula.ru

Ақтөбенің Батыс 2 шағынауданы, Тауелсиздик 13/1 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің жертөлесі суға толып, қауіпті болғандықтан, электр жарығы уақытша өшірілді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына қала әкімі Мұрат Жөребеков және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі, тұрғын үй инспекциясы, төтенше жағдайлар бөлімі басшылығы барды.

Тұрғындар қала басшысына салынғанына 7 жыл болған үйдің жертөлесі көктем сайын суға толып кететінін, кезінде құрылыс салушы компания үйді тұрғызғанда бұл жерде ағын судың арнасы болуы мүмкін екенін ескермегенін айтып шағымданды.

«Осы жағдай жыл сайын қайталанып, тұрғындар бұл мәселеден зардап шегіп отыр. Біз қазір жертөлені судан тазартып жатырмыз, бірақ бұл уақытша шаралар. Бұл болашақта қайталанбауы үшін тиісті инженерлік шешімдер қабылдайтын боламыз», - деді Мұрат Жөребеков.

Қала әкіміне тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Жертөлені судан тазарту үшін мотопомпалар қойылды.