сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 16 13.03.2023 16:47

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегі туралы ойын айтты

Фото: Sports.kz

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңгеніне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды teznews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.

"Үшінші раунд оңай болған жоқ. Джефф - көшеден алып келе салған біреу емес, өте мықты, күшті, топ тізімдегі файтер. Маған да зиян келтіре алды. Алайда мен күштірек болып шықтым, оны жеңе алдым, міне осы маңызды", - дейді Шавкат.