сейсенбі, 2 шілде 2024
Шоу-бизнес 3093 13.03.2023 17:58

Заңғар Нұртастың бұрынғы әйелі жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді

Фото: Stan.kz

Айдарбековтер әулетінің экс-келіні Жібек әлеуметтік желіде жеке өмірі туралы айтудан үзілді-кесілді бас тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жібек әлеуметтік парақшасында шағын сауалнама жасап, оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. “Сіздің жеке өміріңіз туралы бүкіл Қазақстан білгісі келеді” деген сөздің астарын түсінген Жібек: “Қыздар, ендігі жеке өмірімді әлеуметтік желіде көрсетпеймін. Тыныш ұйықтаңдар”, – тақырыпты жылы жапты.

Сондай-ақ ол өзін жақсы көретін жандардың барына алғыс айтты.

“Мені сөзсіз жақсы көретін отбасым, жақындарым бар. Менің айналамда осындай керемет жандардың барына ризамын”, – дейді ару.