сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 8 14.03.2023 11:21

Қазақстанда құтқарушыларға қосымша ақы төленеді

Фото: spectr.com.kz

Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупіне байланысты қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.

"Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және "Қазселденқорғау" ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.