сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 91 14.03.2023 14:35

Райм мен Ерке бірге ән шырқай ма: Әнші жауап берді

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші, Raim лақапатымен танымал Райымбек Бақтыгереев "Хабар" арнасына берген сұхбатында әзірге жұбайы Ерке Есмаханмен бірге сахнаға шықпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, алдағы концерттерінің басқа концерттерден айырмашылығы жаңа Raim екеніне байланысты. Ол жаңа Raim отбасылы Raim дегенді білдіретінін айтты.

"Жаңа Raim шығар. Отбасылы Raim. Сол бір адамға, жұбайыма (әндері - еск.) арналып жазылады. Бұйыртса болар, бірақ әзірге бірге сахнаға шықпаймыз. Оның өзінің әндері бар, өзінің хиттері бар. Жоспар көп алда", - деді ол.