сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 15 14.03.2023 16:12

Қазақстанда халықтың қартайып бара жатқаны байқалады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда халықтың қартаюы байқалады. Соңғы он жылда 65 жастан асқандар қатары 2 пайызға артқан деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Елдегі халықтың жас мөлшеріне байланысты сараптаманы Ranking.kz сайты әзірледі. Дерекке сүйенсек, соңғы онжылдықта әйелдердің үлесі 8,2 пайыздан 10,1 пайызға артса, ерлердің қатары 4,8 пайыздан 6,1 пайызға өскен. 

БҰҰ болжамы бойынша, Қазақстанда бұл көрсеткіштер қарттықтың демографиялық ауыртпалық коэффициентінің артқанын көрсетеді. Мәселен, 2022 жылы бұл коэффициенттің мәні 12,9 пайызды құраған. Енді 2025 жылға қарай арақатынас 14,1 пайызға, 2030 жылға қарай — 15,9 пайызға, 2040 жылға қарай — 17,1 пайызға және 2050 жылға қарай 19 пайызға жетеді.

Жалпы халықтың қартаюы — XXI ғасырдағы басым үрдістердің бірі. Мұның қоғам үшін маңызды және ауқымды салдары бар. Халық санындағы егде жастағы адамдардың үлесінің артуы барлық елдерде дерлік байқалады. БҰҰ болжамы бойынша, алдағы онжылдықтарда 65 және одан жоғары жастағы адамдар саны дүние жүзінде екі еседен асады. Яғни 2021 жылы 761 миллион болса, 2050 жылы 1,6 миллиардқа дейін жетпек.