сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 45 14.03.2023 17:16

Қазақстандағы ең ұзын қыз: Қостанай облысында 17 жастағы арудың бойы көпшілікті таңдандыруда

Фото: kstnews.kz

Қостанай облысындағы 17 жастағы Аружан өзін Қазақстандағы ең ұзын бойжеткен санайды. Арудың бойы 1 м 95 см-ді құрайды деп хабарлайды Teznews.kz порталы kstnews.kz порталына сілтеме жасап.

 

Бойжеткен дене шынықтыру мамандығы бойынша жергілікті колледждің екінші курсында оқиды. Оқумен қатар, қыз еріктілер жұмысына да атсалысады екен.

"Отбасымызда жеті ағайындымыз. Мен бесіншімін. Бойым әкемдікіндей 1 м 95 см. Екі ағамның да бойы ұзын. Бірақ олар менен қысқа", – деді Аружан.

 Мектепте қыз бокс секциясына барады, волейбол мен шахматты жақсы ойнайды.

"Аружан басқа балаларға қарағанда үлкенірек дүниеге келген. Туған кездегі бойы 54 см, салмағы 5,8 келі болды. Қызыммен мақтанамын. Ол болашақта модель болғысы келеді. Біз де оның арманының орындалғанын қалаймыз. Әрине, отбасымызға кейде қаржылық жағынан оңай емес. Мен үйдемін. Ал әкелерінің денсаулығы артық ақша табуға мүмкіндік бермейді”, – деді қыздың анасы Жаңагүл.