сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 11 15.03.2023 15:49

Бейбіт Қорған өзін мазақ қылғандарға жауап берді

Фото: ашық дереккөз

Әнші Бейбіт Қорған өнерде ұзақ уақыт жүрсе де қарапайымдылығын сақтап қалғанын айтты деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Өнер иесінің айтуынша, оның сахнадағы биіне көпшілік бастапқыда келеке қылған.

“Мынадай билеген биіме басында көбісі ерсі күлетін. Сосын көп ұзамай таңғала бастайды! Мәселе биде, әнде емес, әуелі тәкаппарлықты жойып, қарапайым халықтан шыққаныңды ұмытпауда. Әлбетте, ол адамның жүріс-тұрысынан-ақ көрініп тұрады. 23 жыл үлкен сахнада жүргендігім осыған үйретті. Ең бастысы адамгершілік. Алланың алдында бірдей екенімізде! Рахмет сіздерге”, – деп жазды әнші.

Сахнадан көрінбей кеткен өнер жұлдызының бұл жазбасын көпшілік қолдап, демеу берді.

“Жарайсың, керемет биіктен көріне бер, балам”, “Ол уақытта интернет жоқ, сотка жоқ. Газет—журналдардан суретін жинап, сұхбаттарын мүлт жібермей оқитын кездер-ай”, “Биіңіз керемет, өзіңізге жарасып-ақ тұр. Дауысыңыз ерекше, ешкімде кездеспейтін үн, аман жүріңіз жерлесім”, “Өнерің өрге шарықтай берсін биік шыңдардан көріне бер”, – деп ақжарма тілектерін арнады желі қолданушылары.