жексенбі, 6 қазан 2024
2 08.12.2022 12:25

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытында апат болып, бір қызметкер қөз жұмды

Фото: sputnik.kz

8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық  өндірісінде апат болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды.
Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр»
делінген хабарламада.

Бұған дейін 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 жұмысшы қаза тапқан.