сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 21 16.03.2023 17:17

Әйел адамды қағып, мерт қылған жүргізушіге қандай жаза берілгені белгілі болды

Фото: astana.sud.kz

Өскемен қаласында әйел адамды қағып, мерт қылған автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға өткен жылы 25 қараша күні болған.

Қала ішінде қатынайтын автобус таңғы уақытта Карбышев көшесінде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған еді. Аталған іс Өскемен қалалық №2 сотында қаралып, сот үкімі енді шығып отыр.

«Жүргізушінің кінәсі іс бойынша жиналған айғақтармен, атап айтқанда бейнебақылау камерасының жазбасы, куәгерлердің сөзі және сарапшының қорытындысымен толық дәлелденді. Ауыр емес санатқа жататын бұл қылмысқа 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот шешім шығарарда айыпталушының бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.