сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 5 17.03.2023 9:56

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Фото: Otyrar.kz

Қайғылы жағдай 16 наурыз күні сағат 15:35-те Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінде болған деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

 

Otyrar.kz телеграм каналының хабарлауынша, оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары баланың бірден көз жұмғанын айтқан. Ал полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Инсайдерлік ақпараттың дерегінше, анасы баласын халық емшісіне көрсету үшін Атыраудан Шымкентке келген.

17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі "суицид" болуы мүмкін.