сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 15 17.03.2023 10:48

Индира Расылхан ата-енесімен тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңес берді

Фото: ашық дереккөз

Индира Расылхан ата-енесінен бөлек тұрғысы келетін қыз-келіншектердің мұңын тыңдап, ақылын айтты деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

“Бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шықтым. Бірақ ата-енесіз, бөлек тұрғым келеді” деген оқырманның сұрағына әнші ақтарыла жауап берді.

“Жаным, ата-ене деген қазына. Өзіңіз қалай қарым-қатынас жасасаңыз, ол кісілерден соны аласыз. Енеңіздің ескертулерін елемей, менсінбеушілікпен қарамаңыз. Сол кісілердің туған баласның қойнында жатырсыз ғой. Сіз де ене боласыз”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылардың арасынан ұзақ жыл бірге тұрса да өзін еркін сезіне алмайтынын айтып, кеңес сұрағандар да табылды.

“Еркіндік… Түрмедесіз бе? Сіз өзіңізді-өзіңіз шектейсіз. Оның жақсы бір тәсілі бар. Ақымақ болыңыз. Сонда ешқандай мәселе болмайды”, – деп ақылымен бөлісті өнер иесі.