сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 665 17.03.2023 15:15

Тәуекел Мүслімнің әйелі күйеуін қаншалықты жақсы көретінін айтып берді

Фото: nur.kz

Танымал актер Тәуекел Мүслімнің жары Махаббат күйеуінің жақсы қасиеттерін жіпке тізгендей айтып берді, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Орталық Азияның ең сымбатты ер азаматымен өмір сүрген қалай екен?”деген оқырман сұрағына Махаббат: “Менің күйеуім сымбаттылығымен қоса, ақылды, мейірімді, әділ, адал, төзімді, қамқор әке, керемет жар, айта берсең таусылмайды. Алла бере салған ғой”,  – деп жауап берді.

Тәуекелдің жұбайы кеңес сұраған жандарға некені қалай сақтау қалудың жолдарын да көрсетті.

“Бір-бірлеріңізді сыйлап, тыңдап, сеніңп үйреніңіздер. Ортақ шешімге келу, саяхаттау, табиғатқа шығу, әңгіме-дүкен құру, ойыңызды ашық айту, құшақтасу, даму сынды түрлі жолдары бар. Қарым-қатынасты реттеу үшін күнделікті жұмыс істеу керек”, – дейді Махаббат.