сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 162 17.03.2023 17:39

Ләйла Сұлтанқызы ұлдарының өзге ұлттан қыз алуына қатысты ойын айтты

Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлының өзге ұлттан қыз алуына қалай қарайтынын айтты. Ол Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ агенттігіне сілтеме беріп.

Желі қолданушыларының бірі тележүргізушіден "Сіз екі ұлдың анасысыз, ене боласыз. Басқа ұлттан жар таңдаса, қарсы болмайсыз ба?", - деп сұраған.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы бұл сұрақты марқұм жұбайына қойып көргенін жасырмады.

"Ұлдарымның араласатын ортасын, қыздарын білемін. Баяғыда әкесіне осы сұрақты қойғанымда, нақты қаламайтынын айтқан. Содан бері бұл әңгіме көтерілген емес. Қызық үшін айтайын, менің інім Ерланның қызы түрікмен қызы. Жүрегі, құжаты қазақ қазір. Үш ұлы бар. Інім мектепте оқып жүргенде, басқа ұлттың қыздарын ұнататын. Белгі ғой. Інім анамның қолында тұрады. О, тоба, келін енесінен айнымайды", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.