сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 5 21.03.2023 10:29

Жамбыл облысының 2 тұрғыны із-түссіз жоғалып кетті

Фото: tengrinews.kz

Жамбыл облысындағы Шуда ер адам мен әйел жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еріктілердің Instagram желісінде жариялаған ақпараты бойынша, Венера Анатольевна мен Алексей Анатольевич 2022 жылғы желтоқсанда Алматыға жұмысқа кеткен. Кейін олар із-түссіз жоғалып кеткен.

Жоғалғандардың екеуі де орта бойлы және орта денелі. Жоғалған кезде олардың қандай киім кигені белгісіз.

Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 708 336 36 45, +7 701 375 92 91 немесе 102 телефондарына хабарласуы сұралады.