сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 134 23.03.2023 11:30

Жаңаөзенде 14 жасар қыз өз әкесінен жүкті болған

фото: ainews.kz

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді, деп хабарлайды teznews.kz порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс полицияда «зорлау» бабы бойынша тіркелді.

Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.

Күдікті - жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс «Зорлау» бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген, - делінген полиция хабарламасында.

Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.