сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 4 24.03.2023 14:49

Жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан 49 жастағы азаматтың жағдайы белгілі болды

фото: stan.kz

Алматы облысы Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан 49 жастағы тұрғынының қазіргі жағдайы туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлердің сөзінше, қазір жәбірленушінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жағдайы тұрақты, жақсарып келеді. Қазір жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Дүйсенбіде үйіне шығаруға дайындалып жатырмыз", – деді Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының өкілі.