сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 11 27.03.2023 12:54

Қазақстан футбол құрамасы тағы бір қуанышты хабар жеткізді

Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы мен "Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Абзал Бейсебеков ұлды болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сүйіншіні Қазақстанның футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Бізде тағы бір қуанышты жаңалық! Бүгін түнде Абзал Бейсебеков ұлды болды! Абзалдың отбасын шын жүректен құттықтай отырып, сәбидің ғұмырлы болуына шын жүректен тілектестік білдіреміз" делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше, 26 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Даниядан ұтылып жатып, жеңісті жұлып алған еді.

Аталған кездесуде Абзал Бейсебеков алаңға алғашқы минуттан бастап шықты. Оның айып алаңынан тепкен добы қақпа бағанасына тиді.