сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 7 28.03.2023 10:10

Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған

фото: massaget.kz

Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған, деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. Роликте Қайрат Нұртас көліктің артында отырғанын көруге болады. 

Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында жол ережесін бұзған. Яғни қозғалысқа тыйым салынған жерде көлікпен жүріп өткен. 

Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы жүргізуші Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау).