сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 8 29.03.2023 16:32

Меккеге бара жатқан автобус ірі апатқа ұшырады

Фото: Depositphotos

Меккеге барар жолда ірі жол апаты болды. Автобустың 20 жолаушысы қаза тапты, тағы 29-ы жарақат алды, деп хабарлады 24.kz.

Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир провинциясында болды. Автобус Асир провинциясынан Меккеге бара жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша апат тежегіш жүйесінің істен шығуы салдарынан болған. Автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.