сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 21 30.03.2023 9:55

Ит пен мысықты салатанатты түрде жерлеу сәнге айналған ба?

фото: caravan.kz

Оқырмандар тұрғындардың бұл ісін сынап тастаған, деп хабарлайды teznews.kz Caravan.kz сайтына сілтеме беріп.

Желіде тараған видеоды екі адамның зиратты талқылап жатқан сәтін анық көруге болады.

«Ал міне ит-мысықтар, бұл жалған өмірде түзу жүріңдер. Сол Ержанның мысығы қайтыс болған. Сол жерлеуге әкелдік. Мына жерде марқұм Барон деген ит екен, қайтыпты. 2008 жылы үшінші айдың он бесі дүниеге келген. Ерік, сен қай жерге жерлейсің? Орын жоқ екен. 90 мың теңге бір жері», - дейді олар.

Желі қолданушылары аталған зиратқа шүйліккен. Олар:

«Қазақтың қайран жері, жер жоқ дегенде сондай, не енді мынау?», «Қатырады қазақтар, не болып барады өзі халық?», «Ұят-ай, бұларға да жерді сата ма?», «Түкке таң қалмайтын болдық қой» деп жазды олар.