сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 10 30.03.2023 12:58

Танымал әзілкеш күйеуіне көлік сыйлады

Фото: baribar.kz

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева мен күйеуі Әрсен Акиевтің шаңырақ көтергеніне бес жылдың жүзі болған. Айтулы отбасылық мерекеде Мереке Қалбаева жұбайына су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Әзілкеш күйеуіне Toyota Land Cruiser 200 көлігін сыйға тартқан сәтті Instagram желісінде бөлісті.

"Бүгінгі жаңалық осы. Жас болса да, бас болып жүрген отағасына сыйлығым. Шаңырақ көтерген 5 жылдығымызға - Toyota Land Cruiser 200, елу жылдан соң - тоқал", - деп жазды Мереке Қалбаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мереке Қалбаева отбасылық өмір туралы сыр шертіп, өзінен жеті жас кіші жігітке қалай тұрмысқа шыққанын айтқан болатын.