сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 6 30.03.2023 13:9

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фото: turkystan.kz

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Qazaquni.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан Facebook-те жазды.

Боксшы өзінің әлем чемпионы атағын екінші рет 13 мамырда АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында қорғайды. Ол 27 жастағы канадалық былғары қолғап шебері Стивен Батлермен қолғап түйістіреді. 

Бұған дейін Qazaq Style WBO рейтингінің үздігі Лиам Смитпен жұдырықтасады деп жарияланған болатын. Алайда ол осы жазда Крис Юбанкпен шаршы алаңға шығады.