сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 5 31.03.2023 10:24

Петропавлда бір оп адам "тәуелсіздігін" жариялады

видеодан кадр

Петропавлдың бір топ тұрғыны Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуметтік желіде 19 адамнан тұратын адамның жиналыс өткізіп жатқан видеосы тарады. Олар өзін «Ұлы отан соғысында жеңіп шыққан батырлардың ұрпағымыз» деп атайды.

Біз азат және еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, СҚО Петропавл қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына, сонымен қатар, оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшысы мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз халық, өз тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз, - дейді қатысушылар әлеуметтік желілерде тараған бейнеде.

Жиналғандар өзін «Ұлы отан соғысында жеңіп шыққан батырлардың ұрпағымыз» деп атайды.

ҚазТАГ агенттігі СҚО полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, видеода отырған кісілердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.