сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 40 03.04.2023 10:33

Гимнастшы Эльжана Таниева әлем кубогында жүлдегер атанды

Фото: liter.kz

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы аяқталды. Спортшы Эльжана Таниева әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Гимнастымыз Эльжана Таниева таспамен, доппен және ұршықпен жаттығулардың ақтық сынында өнер көрсетті. Финалдың қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 30.900 ұпай жинап, 2-орынға ие болды", - деп хабарлады Қазақстанның гимнастика федерациясының өкілдері.

Ведомстводағылардың мәліметінше, Таниевамен бірге үздік үштікке өзбекстандық Тахмина Икромова мен бразилиялық Барбара Домингос енді.

 

Дереккөз: Sputnik.kz