сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 39 03.04.2023 12:12

"Қарақалпақстан тұрғыны": Оралда баласын сатқан ана ұсталды

фото: almaty.tv

Оралда әйел 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан Қарақалпақстан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды teznews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп.

«Орал қаласында балаларын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жас әйел 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусымда орын алған. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсанда болған. Бұл жолы ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы жұпқа сатқан

Бұл фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша іс қозғалды», - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.