сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 88 03.04.2023 13:57

Ақтауда екі қызды көлік қағып кетті

Фото: lada.kz

Ақтауда екі қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, зардап шеккендер ауруханада жатыр. Аймақ полиция департаментіне 1 сәуірде сағат 23:20-да "102" кезекшісінің пультіне №59 үйге қарама-қарсы 15 шағын ауданда жол апаты туралы шақыру түскен.

Оқиға орнына бірнеше патрульдік Экипаждар мен екі жедел жәрдем көлігі жеткен.

"Lada Kalina жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан 16 және 22 жастағы қыздар зардап шекті. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді" делінген хабарламада.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама жасалды.

Автокөлікті айып тұрағына жеткізген..