сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 37 03.04.2023 14:20

Әнші Мирас Жүгінісов жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Фото: Massaget.kz

Желіде танымал әнші Мирас Жүгінісов пен Назима арасында сезім бар деген ақпарат тарады. Әнші бұл қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода Мирас Жүгінісовтің әуежай алдында гүлшоқпен тұрғаны, "сүйіктімді күтіп алуға келдім" деп жазғаны, кейін осыған ұқсас гүлді Назима Stories-іне салғаны көрсетілген. Мирас Жүгінісов кейінгі Stories-інде "сүйіктісі" анасы екенін жазған. 

Бұл туралы ол TikTok-парақшасында бөлісті. 

"Feat (бір орындаушының өзге орындаушымен бірге ән жазуы - еск.) жазуға қорқатын болдық қой. Мен Stories-тегі гүлді анама бердім. Ал Назиманың Stories-індегі гүлді ауызашарға барғанда бергенбіз", - деп жазған өнер иесі. 

Желі қолданушылары бұл қауесетке сенбегенін айтып, пікір жазған. 

"Адамдар неше түрліні шығарады", "Қазір адамдар бір қадамды да басқаша етіп тарататын болған", "Әйтеуір бір жаңалық керек қой", "Гүлшоқтары түрлі ғой", "Ақталып отырғанын айтыңдаршы", - деп жазған олар.