сәрсенбі, 2 қазан 2024
Шоу-бизнес 11 04.04.2023 14:41

Қайрат Әділгерей дубляж жасап қанша жалақы алатынын айтты

Фото: Inbusiness.kz

Қайрат Әділгерей дубляж жасағаны үшін бір айда қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Өзім жан жүрегіммен, жан-тәніммен дубляжды жақсы көремін. Өйткені дубляжда демаламын. 2004 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген соң, балалар мен жастар театрына бардық. Қабылдамады. Әуезов театрына бардым, алмады. Абай атындағы опера және балет театрына бардым. Оған да қабылдамады. 2005 жылы Ұлттық арнада дубляж бөлімі ашылды. Содан бері істеп келе жатырмын. Мен үшін дубляж қара шаңырақ болып есептеледі. Қатты жақсы көремін. Дуюляждан шаршамаймын. 132 мың теңге айлығым бар", - деді Қайрат Әділгерей.

Еске сала кетейік, Қайрат Әділгерей қазақ тіліне аударылған фильмдер мен телехикаялардың басты кейіпкерлерін дубляждаған. Әріптестерінің айтуынша, ол бір фильмдегі бірнеше кейіпкерді еш қиындықсыз дыбыстайды.

Қайрат Әділгерей бұған дейін желіде таралған видеосына түсініктеме беріп, неліктен құлап қалғанын айтқан болатын.