сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 5 04.04.2023 15:19

Ақтөбеде жемқорлық жасады деген күдікпен полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Stan.kz

Ақтөбеде полиция басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы №3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі соталды тергеп-тексеруді бастаған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жарияланбайды.

"Полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады- 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі" делінген хабарламада.