сәрсенбі, 2 қазан 2024
Жаңалықтар 6 04.04.2023 17:9

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Фото:

Алматыдағы "Жетісу" базарында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген фотолар мен бейнежазбаларды редакцияның Telegram ботына жолдаған оқырмандар, 4 сәуірге қараған түні "Жетісу" базарының маңында автобус өртенгенін жазған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші салонды тазалау үшін тоқтаған, сол кезде автобус өртеніп кеткен. Кадрлардан автобустың артқы жағы қозғалтқыш бөлігімен бірге жанып кеткені көрінеді.

Өрт туралы осындай хабарламалар әлеуметтік желілерде де тарады.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 3 сәуірде сағат 23:10-да "Қайрат" шағын ауданында 2018 жылғы "Лиаз-529265" маркалы 125 бағыттағы автобустың өртеніп кеткенін растады.

Айта кетейік, автобус "Алматыэлектротранс" коммуналдық паркіне тиесілі. Автотұрақтағы өрттің шығу себебі хабарланбады.