сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 29 06.04.2023 11:26

Жәнібек Әлімханұлы желіде мәлімдеме жасады

Фото: turkystan.kz

WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Teznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Менде бір титул бар, маған тағы үшеуі керек. Алла қаласа барлық титулды жинайтын боламын", - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды.

Жәнібектің келесі қарсыласы кәсіпқой рингте 32 жекпе-жек өткізген.