сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 31 06.04.2023 13:28

Боксшы Саматәлі Төлтаев допинг қолданды деген күдікке ілінді

Фото: Vesti.kz

Бокстан Қазақстан құрама командасының мүшесі Саматәлі Төлтаев допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы bassport сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық бокс федерациясының мәліметінше, 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.

Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.