сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 4 07.04.2023 12:33

Қарағанды облысында картоп бағасы 30%-ға арзандаған

Фото: egemen.kz

Қарағанды облысында делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның араласуымен картоп бағасы 30%-ға арзандады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

ҚМА-ның мәліметінше, талдау нәтижесінде облыстың сауда желілеріне жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуде шектен тыс делдалдардың бар екендігі анықталған. Бағаны төмендету мақсатында ірі сауда желілерінің өкілдеріне тауар өндірушілермен тікелей жұмыс істеу ұсынылды.

Агенттіктің бастамасымен облыс әкімдігінің алаңында «Нейдоровское» шаруа қожалығының картобын «Корзина» және «Оңтүстік» супермаркет желілеріне делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалды. Осыған байланысты картоптың құнын 160-180 теңгеден 115 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Сондай-ақ «Шанс» шаруа қожалығының әлеуметтік картобы «Норма» супермаркетіне келісі 70 теңгеден тікелей жеткізілетін болды. Осы келісімнің нәтижесінде картоп бағасы 30 пайызға арзандады.