сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 14 07.04.2023 13:42

Нұрболат Абдуллин қызына қандай есім қойғанын айтты

Фото: NUR.KZ

Отандық әнші Нұрболат Абдуллинның бірнеше күн бұрын үшінші қызы дүниеге келді. Өнер иесі нәрестеге қандай есім қойғанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында баяндады.

"Тағы да өзім қойдым. Минуар", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар Нұрболат Абдуллин Минуар есімінің қандай мағына беретінін де түсіндіре кетті. Әншінің жазбасына сүйенсек, Минуар - араб тіліндегі "Мунаввара" есімінің түрікше түрі. "Жарық", "нұрлы", "Медина қаласы" деген мағынаны білдіреді.

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллиннің Минуардан бөлек Шахназ және Табиғат есімді екі қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Нұрболат Абдуллиннің менеджері әншінің үшінші рет қызды болғанын мәлімдеген болатын.