сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 9 07.04.2023 15:36

Солтүстік Корея тыйым салған 3 нәрсе

Фото: The Qazaq Times

Солтүстік Кореяның көп нәрсеге тыйым салған ел екенін білмейтін адам жоқ шығар. 

Сіздерді шынымен таң қалдыратын Солтүстік Кореяның 3 тыйымын ұсынамыз. 

Елде көлік жүргізу және көлікке иелік ету үкіметтің бақылауында болады.  Көліктерді тек мемлекеттік қызмет атқаратын ер адам ғана иелене алады.

Солтүстік Кореяда өзіңіз қалаған стильде сәнді киініп жүре алмайсыз. 

Оған қоса, бұл елде тар шалбар мен былғары күртеше киюге тыйым салынған. Ал шашыңызды тек мемлекет белгілеген үлгіде ғана қия аласыз. 

Елдегі ерекше тыйымдардың бірі - діни сенімнің де мемлекет бақылауында болуы. Оның үстіне үйлерде қасиетті кітаптардың болуына да тыйым салған.