сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 5 07.04.2023 17:42

Алматыда мұғалімді зорлады деп айып тағылған директор жұмысынан кетті

Фото: Егемен Қазақстан

Алматыда №10 мектеп-интернаттың мұғалімі аталған білім мекемесінің директоры оны зорлағанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұғалімнің айтуынша, директор өткен жылдың күзінде зорлаған. Сондай-ақ, ер адам кабинетінде қызмет бабын пайдаланып, қызметкерін жұмыстан тыс уақытта кездесуге мәжбүрлеген. Алайда бұл ақпаратты жария еткен соң, директор жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған, бірақ тағылған айыпты жоққа шығарған.

Кейін зардап шеккен мұғалім өлім алдындағы хатын жазып, өзіне қол жұмсаған. Дәрігерлер оны дер кезінде құтқарып, аман алып қалды.

Қазір Алматы қалалық түзеу мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ, құқық қорғау өкілдері ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тағы бір іс қозғады.

Қылмыстық істерді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі тергеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.