сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 6 07.04.2023 20:20

Қазақстан құрамасы алғаш рет Италияда доп тебеді

фото: caravan.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясындағы келесі ойынын Италияның Парма қаласында өткізеді, деп хабаралайды teznews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Yotube арнасындағы "ДНК футбола" бағдарламасында ұлттық команда капитаны Асхат Тағыберген айтып берді:

"Сан-Мариноға қарсы Пармада ойнаймыз. Олар стадионды жауып тастады".

Матч 16 маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы бұған дейін ешқашан Италияда ойнап көрмеген екен.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Еуро-2020 жарысына іріктеу аясында Сан-Мариномен сырт алаңда ойнап, 3:1 есебімен ұтқан болатын.