сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 6 10.04.2023 9:54

Индира Еділбаеваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Саяхатта жүрген отандық әнші Индира Еділбаеваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Әнші бұл сәттің видеосын Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Қазіргі таңда әнші сүйіктісімен Балиде демалыста жүр. "Дәл сол сәтте қатты қобалжиды екенсің. Менің айтарға сөзім жоқ. Менде тек махаббат бар. Мен "иә" дедім", - деп жазды Индира Еділбаева. Айта кетейік, Индира Еділбаеваның таңдауы The Limba, Moreart, Liili секілді жұлдыздардың менеджері Кималдин Камирдиновке түскен.